Синтетикалық және психоактивті заттарды қолданудың алдын алу

04.10.2022

2022 жылғы 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж студенттерімен 3 қалалық емхананың медицина қызметкері

Х. Г. Абденовамен "Синтетикалық және психоактивті заттарды қолданудың алдын алу" тақырыбында кездесулер өтті.

Кездесудің мақсаты есірткі құралдарына теріс көзқарасты қалыптастыру, білім алушылардың бойында өзін-өзі бағалауға және өз денсаулығына құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.

Әңгіме барысында маман жастарға есірткінің адам денсаулығына зиянды әсері, адамның моральдық және рухани деградациясы, емделмейтіндігі туралы айтып берді.

Әңгіме қызу өтті, студенттер оған белсене қатысты.

Медицина қызметкері осы тақырып бойынша қажетті және пайдалы ақпаратты көрсететін ақпараттық буклеттер таратты. Іс-шара жастардың жаман әдеттерінің алдын алуға бағытталған.



Текст
Виртуальная приемная