Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу

29.10.2021

Ағымдағы жылдың 22 қазанында конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің «Әлеуметтік даму және ақпарат орталығы» КММ дінтанушылары Бердагулова С.С. және Ахметбекова А.Ж. және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ бірлесе отырып, ZOOM платформасында «Петровка аграрлы-техникалық колледжі» КММ, «Солтүстік Қазақстан кәсіби педагогикалық колледжі» КМҚМ, «Бескөлдік мектеп-колледжі» ЖШС студенттеріне арнап «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында конференцияны өткізді. Конференция барысында зайырлылық концепциясының негіздері, елдегі діни ахуал, заңсыз миссионерлік әрекеттер үшін жауапкершілік, онлайн -рекрутингтің негізгі әдістері және т.б. тақырыптар туралы айтылды. Конференция соңында студенттерге танысу үшін көрнекі құрал берілді. Іс -шараға 121 адам қатысты.



Текст
Виртуальная приемная