Қазақ халқының қолданбалы өнері

07.04.2023

2023 жылдың 05 сәуірінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Қазақ халқының қолданбалы өнері» тақырыбы бойынша интерактивті қарым-қатынас сағаты өтті. Аталған іс-шараның мақсаты студенттерді қазақ халқының қолданбалы өнерінің тарихымен таныстыру, сәндік-қолданбалы шығармашылықтың заманауи түрлерімен таныстыру болды. Кездесуге «Кәсіптік оқыту» мамандығының 4 курс студенттері, «Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы және ұйымдастыру» мамандығы және «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Интерактивті қарым-қатынас сағаты барысында қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері туралы жарқын, қызықты және танымдық ақпараты бар студенттердің тақырыптық мазмұнды презентациясы, баяндамалары ұсынылды. Ал оқытушы Г.К.Мусинаның қолданбалы шығармашылық үйірмесінде оқитын студенттердің жетістіктері туралы әңгімесі кездесуге қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырды. Қарым-қатынас сағаты колледж студенттері мен педагогтары орындаған сәндік-қолданбалы өнер туындылары орналасқан көрме залына барумен аяқталды. Іс-шара мәдениетке және қазақ халқының қолданбалы өнерінің тарихына деген қызығушылықты тәрбиелеуде маңызды болды.



Текст
Виртуальная приемная