Ақындар жырлаған туған өлке

10.04.2023

2023 жылдың 10 сәуірінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқу залының кітапханасында «Ақындар жырлаған туған өлке» әдеби акция өткізілді. Іс-шараның мақсаты: студенттерді туған өлке ақындарының шығармаларымен таныстыру. Кітапханашы студенттерге өздерінің керемет өлеңдерінде, туған өлкесінің сұлулығын ғана емес, осы жерде тұратын адамдарды да дәріптеген жергілікті ақындар мен жазушылардың шығармашылығы туралы айтып берді. Кітап көрмесінде туған өлке тарихы бойынша кітапхана қорының кітаптары мен жергілікті ақындардың өлеңдер жинағы ұсынылды.



Текст
Виртуальная приемная