Бірлік пен келісім жолында

15.03.2023

2023 жылдың 14 наурызында Наурыз мерекесі қарсаңында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы болып табылатын Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының базасында "Бірлік пен келісім жолында" интерактивті викторинасына қатысты. Викторинаны өткізудің мақсаты-студенттердің зияткерлік қабілеттерін дамыту, ұлттық бірлік пен патриотизмді нығайту, басқа мәдениеттерді түсіну мен құрметтеу сезімін қалыптастыру, өз Отаны туралы білімдерін кеңейту. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы өз білімдерін көрсетті. Біздің колледж командасы лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Қатысушыларға алғыс айтамыз және жеңістерімен құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная