«Ән қашанда қатарда!»

04.05.2022
2022 жылдың 4 мамырында Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінде 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күні арналған «Ән қашанда қатарда!» әскери-патриоттық әндерге шолу байқауы өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – студенттердің патриоттық сезімін, өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, әскери әндердің тарихы туралы түсініктерін кеңейту.
Байқауға 1 курстың оқу топтары қатысты. Әр команда келесі критерийлер бойынша бағаланды: әскери сәлемдеуге жауап беру, құрама тәртібі, командаларды орындау, сыртқы түрі, орнында бұрылыстар, құрамда сапта жүру, әскери сәлемдесу, әнмен өту, командирдің іс-әрекеті.
Сайыс қорытындысы бойынша 196-топ 1-орын, 166-топ 2-орын және 197-топ 3-орынға ие болды.


Текст
Виртуальная приемная