Синтетикалық препараттардың қауіптілігі

25.11.2022

2022 жылғы 25 қарашада АИТВ/ЖИТС-пен күрес жөніндегі бүкіләлемдік науқан айлығы аясында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде СҚО ПД кәмелетке толмағандардың полиция жедел уәкілі Петропавл қ. ПБ полиция аға лейтенанты З.С.Поповамен "Синтетикалық есірткінің қауіптілігі" тақырыбында студенттер кездесуі өтті. Полиция қызметкері есірткіні қолданудың зияны, олардың адам ағзасына зиянды әсері, сондай-ақ есірткіні сақтау мен таратқаны үшін заң алдындағы жауапкершілік туралы айтып, ұялы телефонға ѕмѕ келген жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы түсіндірді. Жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтіріп, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының +7 (707) 500-96-65, Instagram 39-41-93 және басқа да әлеуметтік желілердегі ресми парақшасын атады.



Текст
Виртуальная приемная