«Сүйіспеншілік, жақсылық және білім жолында» әлеуметтік жобалардың облыстық байқауы

27.04.2022

2022 жылдың 27 сәуірінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің базасында «Сүйіспеншілік, жақсылық және білім жолында» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары студенттерінің облыстық әлеуметтік жобалар байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты: студенттердің әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылық әлеуетін белсендіру, оларды әлеуметтік жобалау тәжірибесіне тарту.

Байқауға «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК, «М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК, «Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК,

«Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі» МЕБМ, «Гуманитарлық-техникалық колледжі» МЕБМ, «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС, «Аққайың ауданының аграрлық колледжі» КММ, «Петропавл кәсіптік колледжі» КММ студенттері қатысты.

Байқауға қатысушыларды білікті қазылар алқасы бағалады: СҚО бойынша экология департаментінің бас маманы Т.Ж.Жүнісова, «Жастар салауатты өмір салты үшін» ЖҚБ төрағасы Грабарь Л.Н., «Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ жетекшісі Мыңбай Ә.Х., СҚО Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері «Restauration» ЖШС басшысы Калгаева А.А., «Кызылжар Риэлт» АН басшысы Галимжанова Г.С.

Байқау келесі бағыттар бойынша өткізілді:

- «Студенттердің әлеуметтік маңызды іс-әрекеттері»;

- «Студенттердің шығармашылық өзін-өзі дамытуы»;

- «Әскери-патриоттық бағыт»;

- «Әлеуметтік кәсіпкерлік».

Байқауға бүгінгі өмірімізде бірдеңені өзгертуге дайын, тың идеяларды ұсынған, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде шығармашылық ойларын білдіретін ең белсенді, мақсатты, бастамашыл студенттер қатысты.

Байқау аясында «Достық пен бірлік аллеясын» қалау бойынша экологиялық акция өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Келесі бағыттар бойынша әлеуметтік жобалар конкурсының қорытындысы:

«Әлеуметтік маңызды іс-әрекеттер»

1 орын - Ишевский Дмитрий, жетекшісі Айтмагамбетов Т.Т., «Гуманитарлық-техникалық колледжі» МЕБМ;

2 орын - Фенинг Алина, жетекшісі Подоляник А.А., «Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК;

2 орын - Уалитов Тимур, жетекшісі Коваль В.А., «Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі» МЕБМ;

3 орын - Калинин Дмитрий, жетекшісі Гламаздина Н.П., «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК;

3 орын - Караматдин Арнұр, жетекшісі Балгарина Б.А., «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК

«Әскери-патриоттық бағыт»

1 орын - Макишев Тимур, жетекшісі Гутевич В.В., «Гуманитарлық-техникалық колледжі» МЕБМ;

2 орын - Матенов Рустам, жетекшісі Такенов Т.Е., «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК

3 орын - Рудакова Валерия, Миргалиев Семен, жетекшісі Белоусова Ю.Е. «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК

«Студенттердің шығармашылық өзін-өзі дамытуы»

1 орын - Мусин Қайсар, жетекшісі Бережная Ж.В., «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК

2 орын - Усенов Адильхан, жетекшісі Подоляник А.А., «Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК;

3 орын - Мамаева Арайлым, жетекшісі Фирсова Н.И., «Петропавл кәсіптік колледжі» КММ

3 орын - Мягких Андрей, жетекшісі Утенов М.А., «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік»

1 орын - Максимова Анастасия, Татьянченко Юлия, жетекшісі Курмангожина Л.М., «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК;

2 орын - Винников Николай, Исхаков Альберт, жетекшісі Власюк С.О. «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК.

Студенттер ұсынған батыл және сенімді әлеуметтік жобалар қазіргі қоғамдағы көптеген өзекті әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде балама ұсыныс болды.



Текст
Виртуальная приемная