Жеңілмейтіндер!

14.06.2022

2022 жылғы 12-14 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасы» аясында қыздар арасында футзалдан жарыс өтті. Ұлттық лиганың мақсаты – студенттер арасында бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, сонымен қатар үздік студенттік командаларды анықтау, спортта дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау.

СҚКПК құрама командасы бұл турнирдің көркі болды: қыздар тамаша техникалық және тактикалық дайындықтарын көрсетті. 5 ойында біздің шәкірттер қарсылас қақпасына 38 гол соғып, тек 1 гол жіберіп алды!

Чемпиондар командасы: команданың капитаны және қақпашысы Зейнали Виктория, ойыншылар - Михайлова Екатерина, Биндюкова Татьяна, Турунцева Анастасия, Бейбутова Вероника, Симонова Карина, Борисова Вероника, Тривайлова Анастасия, Гессель Диана, Новикова Ангелина.

Жаттықтырушы Кучеренко Станислав Юрьевич басқаратын команданы жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да спорттық аренада табыс тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная