Кәсіптік бағдар беру апталығы

24.01.2023

Кәсіптік бағдар беру апталығы шеңберінде 2023 жылғы 19-26 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушылары Петропавл қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. Колледж педагогтары болашақ талапкерлерге мамандықтар, қабылдау ережелері, колледжде оқу нысандары мен шарттары туралы айтып береді. Оқу орны бойынша виртуалды экскурсия өткізеді. Көптеген оқушылар колледждің кәсіби бағытына қызығушылық танытып, болашақта біздің оқу орнымызда болашақ мамандығын алғысы келеді.



Текст
Виртуальная приемная