Наурыз - бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі

20.03.2023

20-шы наурыз күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің кітапханасында "Наурыз - бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі" атты кітап – иллюстрациялық көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: мерекенің шығу тарихымен таныстыру, қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Кітапханашы А. К. Оспанова студенттерге ең көне Наурыз мерекесінің пайда болу тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, сондай -ақ бұл мерекенің қазақ халқы үшін көктемгі жаңарудың, махаббат пен достықтың символы болып табылатындығы туралы айтып берді.



Текст
Виртуальная приемная