Наурыз – Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем

16.03.2023

Наурыз мемлекеттік мерекесіне арналған мерекелік концерт 2023 жылғы 16 наурызда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің акт залында өтті. Колледж директоры, Жақыпов Еркін Айдарбекұлы педагогикалық ұжымды, қызметкерлер мен студенттерді келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтады. Сахнада студенттер әндер, өлеңдер орындап, "Адай" күйін орындады. Оқытушылар мен студенттер "Отпен аластау" рәсімін көрсетті. Одан кейін ең епті және ең мықтысын анықтауға арналған ойындар өтті: Алтын Сақа және гірді көтеру. Жеңімпаздар жүлделермен марапатталды. Акт залында мереке, достық пен бірліктің жылы атмосферасы орнады.



Текст
Виртуальная приемная