Жеңіл атлетика эстафетасы

27.04.2022

26 сәуірде Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні аясында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің стадионында 4х400 метрге жеңіл атлетикадан эстафеталық жарыс өтті.

Эстафетаға оқу орнының студенттік жасақтары қатысты.

Үздік уақытты «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 366 топ студенттері көрсетсе, екінші орынды 466 топ және 266 топ студенттері үшінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар мен байқаудың барлық қатысушыларын келе жатқан мерекелерімен құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная