Көркем фильмдер түсірілген кітаптар

04.01.2023

2023 жылғы 4 қаңтарда «Оқырман колледж» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі кітапханасының оқу залында баспа кітаптарын оқуды және мультимедиялық өнімдерді пайдалануды ұштастыру арқылы оқырмандарды көркемдік және рухани тәрбиелеу мақсатында «Фильмдер түсірілген кітаптар» кітап көрмесі ресімделді. Кітапхана оқырмандарына «Война и мир», «Идио», «Тихий Дон», «Мастер и Маргарита», «Жестокий век», «Анна Каренина», «Тайна, покорившая мир», «Шерлок Холмс», «Қыз Жібек», «Алые паруса» көркем фильмдері түсірілген классикалық және заманауи әдебиеттің әдеби шығармаларымен танысуға мүмкіндік туды. Біз кітаптар арқылы кино әлеміне қосылуды ұсынамыз. Өйткені, киноны көруге ғана емес, оқуға да болады. Барлық басылымдар колледж кітапханасының қорында бар. Сюжеті экранда ұсынылған сүйікті кітабы үшін бізге келгісі келетіндердің барлығын шақырамыз.



Текст
Виртуальная приемная