Кітап өз достарын іздейді

20.09.2022

2022 жылғы қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Буккроссинг» жобасы іске қосылды. Колледж кітапханасында «Кітап өз достарын іздейді» тақырыбында буккроссинг аймағы ұйымдастырылды.

Буккроссинг – бұл әркімге өз қалауы бойынша осы кітаптардың біреуін немесе бірнешеуін тегін пайдалануға немесе кез келген басқа кітаптарға «айырбастауға» мүмкіндік беретін кітап сөрелері, кітаптарды сақтауға арналған шкафтар.

Буккроссингтің мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және насихаттау. Колледж студенттері буккроссинг процесі «Оны оқы – басқаға бер» принципіне негізделген қарапайым әрекеттен тұратынын білді.

Кітаптар сөреде тұруға емес, оқуға арналған.



Текст
Виртуальная приемная