Қазақстан Республикасы туралы «Менің сүйікті өлкем» зияткерлік-танымдық ойыны

09.12.2021

«Туған жер» арнайы жобасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылы 8 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасы туралы «Менің сүйікті өлкем» зияткерлік-танымдық ойыны өтті.

Мақсаты: Қазақстан халықтарының мәдени мұрасы арқылы студенттердің бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Шараға бірінші курс студенттері қатысты.

Интеллектуалды-танымдық ойын қиындығы әртүрлі сұрақтары бар визиткадан, турлардан, Қазақстан Республикасы туралы терминдерден, сандар, жұмбақтар, анаграммалар, суреттерден тұрды. Шара барысында студенттер «Рухани жаңғыру» жобасының, яғни «Туған жер» арнайы жобасының материалдарымен танысты.

Бұл ойын өзін-өзі тану пәнін кіріктіру арқылы өткізілді, ол Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеттеріне, тарихи өткеніне, мұраларына деген сүйіспеншілікке, құрметке, төзімділікке тәрбиелеуге ықпал етті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысқан студенттерімізге алғыс айта отырып, оқуларына сәттілік тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная