Оның есімі халықтың жүрегінде

24.05.2022

2022 жылдың 23 мамырында Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінде Қазақстанның халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 100-жыл толуына орай «Оның есімі – халықтың жүрегінде» атты бірыңғай ақпараттық-танымдық сағаты өтті.

Мақсаты: көрнекті әншінің өмірі мен шығармашылық жолын еске түсіру, патриоттық сезімге, Отанға, өнерге, музыкаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында Роза Тәжібайқызының шығармашылығы, ҰОС жылдарындағы концерттік қызметі, атақты әншінің өмір жолы туралы айтылды. Ол өз дауысымен миллиондаған адамдарды бағындырып, көптеген марапаттарға ие болды.

Қазақстанның мәдениеті мен өнері тарихына орасан зор үлес қосқан осындай даңқты есімдерді ұмытпағанымыз жөн.



Текст
Виртуальная приемная