Чемпиондардың футбол құрамасы

15.12.2021

2021 жылғы 13-14 желтоқсанда «Сұңқар» облыстық спартакиадасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында футзалдан (ұлдар) жарыс өтті.

Жартылай финалға шығу үшін, алдын ала ойындарда СҚКПК құрамасы Сервис колледжі мен ПҚЭК командаларынан басым түсті. Жартылай финалда біздің футболшылар Гуманитарлық-техникалық колледж командасын 14:0 есебімен сенімді ұтып, Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттерімен финалға шықты.

СҚКПК командасы негізінен 1-2 курс студенттерінен құралған, олардың алдында – 20 жыл бойы колледжге тиесілі «Сұңқар» облыстық спартакиадасының чемпионы атағын сақтап қалу жауапты міндеті тұрды. Жігіттер сынақтан абыроймен өтті. Ойын 2:2 есебімен аяқталды, содан кейін олар екі қосымша тайм ойнап, жеңімпаз анықталмады. Кездесудің нәтижесін пенальти сериясы шешіп, 3:2 есебімен біздің жігіттердің пайдасына шешілді.

Чемпиондар командасын және оның тәлімгері Денис Александрович Ветошкинді жеңісімен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная