Денсаулық фестивалі

17.09.2021

2021 жылдың 15 қыркүйегінде «Денсаулық фестивалі - 2021» аясында Солтүстік Қазақстан кәсіптік -педагогикалық колледжінде білім беру мекемесі студенттерінің қатысуымен күзгі кросс өтті. Кросс жарысы спорттық маусым мен 1 кезеңдегі Сұңқар ойындарының ашылуымен тұспа-тұс келді. Жарыстың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, сонымен қатар «Сұңқар» аймақтық спорт ойындарына қатысатын ең мықты спортшыларды анықтау. Қыздар 1000 м, ұлдар 2000 м қашықтықта жарысқа түсті. Командалық сынақ «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығында оқитын студенттер үшін және басқа мамандық студенттері үшін бөлек өткізілді.

Стартқа бірінші болып қыздар шықты. Жарыста сенімді жеңіске Абраменко Маргарита ( 461топ) ие болды, 2 -ші және 3 -ші орындарды Беккер Анжелина ( 266 топ) мен Дьяченко Татьяна ( 197 топ) бөлісті.

Ұлдар арасында «мықтылар жарысы» өтті, оған облыстың құрама командалары атынан қатысқан тәжірибелі спортшылар, республикалық жарыстардың жеңімпаздары қатысты.

Жарницкий Евгений (466 топ) чемпион атанды, Носко Артем (261 топ) «күміс», Сидоркин Владислав (466 топ) қола алды. Басқа қалған мамандықтар бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орын - Данил Сидоркин (421 топ), 2 орын - Андрей Ушаков (34 топ), 3 орын - Александр Шитов (246 топ).

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы топтары арасындағы командалық жарыста 466-топ жеңіске жетті, екінші орынды 266 -топ иеленді, үшінші орын 261 -топ студенттеріне бұйырды. Басқа мамандықтар қатарында студенттер 246 тобы мықты болды, екінші орынды 34 топ, үшінші орынды 34 топ иеленді.

Оқушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз! Сіздерге алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная