Халық бірлігі және жүйелі ремормалар-ел өркендеуінің берік негізі

17.09.2021

2021 жылы 16 қыркүйекте 3 курс студенттері тарих пәнінің мұғалімі А.Т.Мейрамовамен С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы «Халық бірлігі және жүйелі ремормалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты кітап-иллюстрациялық көрмеге барды.

Көрме ҚР Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауына арналған. Көрмеге барлығы 100-ден астам кітап қойылды. Көрмеге ұсынылған әдебиеттер Жолдауда көрсетілген мемлекеттің одан әрі дамуының негізгі басымдықтарын көрсетеді.

Бұл кітаптарда инновациялық экономиканың дамуы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ІТ-технологиялардың кеңеюі, қазақстандық патриотизм, ортақ тарих пен мәдениет, біздің еліміздің жаһандық мәселелерді шешуге қатысуы көрсетілген.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған сөзінде 2021 жыл - біз үшін ерекше жыл екенін баса айтты. Ол Тәуелсіздіктің 30 жылдығы белгісімен өтіп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ең маңызды жетістігін Тұңғыш Президент-Елбасының болашаққа бағытталған саясатының арқасында елеулі табыстарға қол жеткізіп, бүкіл әлемге танымал болған жаңа мемлекеттің құрылысы деп атады.



Текст
Виртуальная приемная