Елбасы медаліне лайықтылар

26.04.2021

2021 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Елбасы медалі» республикалық жобасының жеңімпаздарын құттықтады.

Жобаның мақсаты - қиындықтарды жеңе алатын, өзін әр түрлі салаларда жүйелі түрде дамыта алатын, басқаларға қамқор бола алатын, алға қойған мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізетін үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.

«Елбасы медалі» жобасы - бұл жастардың жан-жақты дамуына бағытталған жалғыз ұлттық деңгейдегі бағдарлама.

Бағдарламаның нышаны - негізгі 7 бағыт: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілер, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.

Медальдың лайықты жеңімпаздары оқытушылар Жангазин Жанат Төлегенұлы, Барвинко Евгений Анатольевич және колледж студенттері: Диана Қалқабек, Ерген Еламан, Мусин Қайсар.

Колледж әкімшілігі мен ұжымы медаль иегерлерін жоғары және мәртебелі марапаттарымен шын жүректен құттықтап, Тәуелсіз және гүлденген елдің болашағы ретінде жас ұрпаққа алғыс білдірді!



Текст
Виртуальная приемная