Ержүрек жастар - жаңа Қазақстанның болашағы

07.03.2023

2023 жылғы 2 наурызда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-үгіт тобы ұйымдастырған "Жаңа Қазақстанның тірегі Айбынды жастар" акциясына қатысты. Іс-шара барысында "Жас сарбаз" республикалық әскери-патриоттық қозғалысының жетекшісі М.О.Меңдіғалиев біздің студенттерімізді Лосеев Станислав, Жеребило Роман, Щербакова Полина және команда өкілі Ж.А.Турмаковқа, "Жас сарбаз" республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасындағы "Қалқан"II Республикалық қысқы спартакиадасының жеңімпаздарын марапаттады. Колледжінің "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының жетекшісі Ж.Т.Жанғазинге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі орынбасарының грамотасы табыс етілді. Екінші жыл қатарынан колледж студенттері "Қалқан" республикалық спартакиадасында Солтүстік Қазақстан облысының атынан қатысып, екінші жыл жеңімпаз атанғаны қуантады. Жоғары нәтижелермен құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная