Жұмыс берушілер күні

15.11.2022

Оқу орнының жұмыс берушілермен кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша және тиімді ынтымақтастығы мақсатында 2022 жылғы 15 қарашада Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде "Жұмыс берушілер күні" іс-шарасы өтті. Іс-шараға "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының, дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты. Жұмыс берушілер күні аясында колледж бойынша таныстыру экскурсиясы, "Академиялық Тәуелсіздік шеңберінде жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл" кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша диалог алаңы, сәндік-қолданбалы өнер және құтқару және өрт-техникалық жабдықтар көрмелері өткізілді. Салтанатты жағдайда үздік жұмыс берушілерді марапаттау рәсімі өтті.



Текст
Виртуальная приемная