Демонстрациялық емтихан

23.06.2022

2022 жылдың 23 маусымында Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінде WorldSkills Kazakhstan талаптары бойынша CIS жүйесін пайдалана отырып, демонстрациялық емтихан өтті.

Демонстрациялық емтихан «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» құзыреті бойынша өткізілді.

Сараптама комиссиясының құрамына жұмыс берушілердің өкілдері кірді:

Яборов Н.Д. - «СТО ДЖИП» ЖШС директоры;

Иохин А.В. - «Иохин А.В.» басшысы;

Курков Н.Н. - «Авторенжер-сервис» ЖШС техникалық директоры.

Емтихан барысында студенттер мамандарға көлік құралдарын диагностикалау және жөндеу бойынша өз құзыреттілігін көрсетті.

Демонстрациялық емтихан - тәуелсіз бағалау жүйесінің инновациялық элементі болып табылады, колледж түлектерінің жоғары сапалы дайындығын растау үшін қажет.



Текст
Виртуальная приемная