Пікірталас - жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуының негізі

19.05.2022

2022 жылдың 18 мамырында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттік парламентінің пікірсайыс қозғалысы фракциясының депутаттары, «Жігер» пікірсайыс клубының мүшелері «Пікірталас – жеке тұлғаның зияткерлік дамуының негізі» тақырыбында пікірсайыс турнирін өткізді.

Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың интеллектуалдық мүмкіндіктерін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістік құру.

Пікірсайыс турниріне «Растау» және «Теріске шығару» командалары қатысты. Студенттер өздерінің эрудициясы мен білімдерін көрсете отырып, ұсынылған тақырыпты белсенді түрде талқылады.

Пікірталас барысында студенттер қазіргі жастарды толғандыратын тақырыптарды қозғады.

Іс-шараның студенттер арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда тәрбиелік мәні зор болды.



Текст
Виртуальная приемная