«Жастар және заманауи ғылым» пікірсайыс турнирі

30.04.2021

2021 жылы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж, Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесе отырып, «Жастар және заманауи ғылым» «Парламенттік пікірталастар» іскерлік ойынын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты студенттердің коммуникативті және кәсіби дағдыларын дамыту болды.

Турнир қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің «Болашақ» командасы оқытушысы

А.Т.Мейрамованың жетекшілігімен колледж студенттері арасындағы қазақ лигасында 1 орын алды.

4 курс студенті Құлажан Дарын ойынның ең жақсы спикері атанды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная