Чемпион болып тумайды, олар қалыптасады

11.10.2021

2021 жылдың 29 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Ресейдің Сасово қаласында полиатлоннан әлем чемпионаты өтті.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Лосеев Станислав 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында екі рет әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Триатлонның бірінші түрі 1000 м жүгіруді, пневматикалық қарудан атуды және күштік гимнастиканы қамтиды, бағдарламаның екінші түріне шаңғы-роликтерде 5000 м жүгіру, сонымен қатар ату мен тартылу қосылды.

Жас спортшыны жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және мұнымен тоқтамауыңызды тілейміз.



Текст
Виртуальная приемная