Кітапхана және жаңа ұрпақ: кітаппен болашаққа

11.05.2022

2022 жылдың 11 мамырында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Қазақстандағы Балалар жылына орай «Кітапхана және жаңа ұрпақ: кітаппен болашаққа» тақырыбында «Незабудки памяти моей» өлеңдер жинағының авторы В.В.Горбенко-Сусловамен және педагогикалық еңбек ардагері

А.Д.Кривошеевамен бірінші курс студенттерінің шығармашылық кездесуі өтті.

Кездесу барысында қонақтар студенттерге олардың шығармашылық ізденісі, кәсіби жолы туралы айтып, туған елінің тағдыры мен тарихымен астасып жатқан өмірлерінің тарихымен бөлісті.

Ақын Валентина Горбенко-Суслова жиналғандарға ақындық шығармашылық, өлеңдердің тууы, автордың жеке басынан кешкен оқиғаларымен, қазақ халқының тағдырымен тығыз байланысты болуы туралы айтты.

Автор Отан, Ұлы Отан соғысы, махаббат, достық туралы өлеңдерін оқыды.

Педагогикалық еңбек ардагері Анна Дмитриевна әдебиет сабағында оқушылардың кітапқа, поэзияға, шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін қалай оятқанын, орыс және қазақ поэзиясы классиктерінің шығармаларынан үзінді келтіргені туралы әңгімеледі.

Кездесуге қатысушылар ақындық қызметтің басталуы, сүйікті авторлары, шығармашылық үдерісінің ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар қойды.

Студенттер В.Горбенко-Суслованың шығармашылығына шабыт берген өлеңдерді, олардың жасалу тарихын, өмірдегі оқиғаларды ынтамен тыңдады.

Шығармашылық кездесу студенттердің поэзияға, әдебиетке, туған өлке тарихына деген шынайы қызығушылығын тудырды. Іс-шара шығармашылық пен патриотизмнің сабағына айналды.



Текст
Виртуальная приемная