Автокөлік жарысы

28.04.2021

2021 жылы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеу аясында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде көпсалалы автокөлік жарысы өтті.

Гуманитарлық-техникалық колледжінің, Петропавл қаласының машина жасау колледжінің, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің және «Петропавловский автоучкомбинат» ЖШС командалары үш кезеңнен тұратын жарысқа қатысты: жол ережелері, классикалық жоғары жылдамдықты маневр және командалық эстафета.

Байқау нәтижелері бойынша

1 орын - Петропавл автоучкомбинаты

2 орын - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі.

3 орын - Гуманитарлық-техникалық колледжі

Байқауға қатысушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная