Архив және болашақ ұрпақ

22.09.2022

21 қыркүйек Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледждің «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының 1 курс студенттері Балалар жылына арналған іс-шараларды іске асыру шеңберіндегі «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының ашылу рәсіміне арналған ашық есік күніне қатысты.

Ашық есік күні мақсаты: архив құжаттарын пайдаланып, балаларды Қазақстан, кіші Отан тарихын зерделеуге кеңінен тарта отырып, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру.

Ашық есік күніне: БАҚ өкілдері, М.Жұмабаев атындағы ІТ-лицей, №17 Ұлттық өркендеу орта мектебі, Есіл, Айыртау, Мамлют ауданы мектебінің оқушылары қатысты.

Ашық есік күні қатыушыларына келесі бағдарлама ұсынылды: М.Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері З.С.Тайшыбаевпен танысу. Ол кісінің жеке қорының тұсаукесері өтті. Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен мәліметтер базасын құру бөліміне, архив қоймасына, архивті құжаттарды, сақтау, пайдалану бөліміне саяхат, М.Жұмабаевтың өмірі мен қызметі туралы бірегей құжаттармен, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивтің жинақтарымен танысу.

Уалихан Шамсиддин 1 курс студенті алған әсері, жалпы іс-шара жайында БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архив «Балалар жылына орай» ұйымдастырып өткізген эссе конкурсының нәтижелері бойынша жеңімпаз мен жетекшілеріне бағалы сыйлық пен алғыс хаттар табысталды.

Ұйымдастырылып отырған ашық есік күніне белсенділік танытып қатысқаны үшін колледж оқытушысы Мейрамова Айсұлу Тұрлыбекқызы алғыс хатпен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная