«Менің Отанымның рәміздері» акциясы

04.06.2021

2021 жылы 4 маусымда колледжде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Менің Отанымның рәміздері» акциясы өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.

Патриоттық акция дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды. Әрі қарай, жастар ісі жөніндегі инспектор студенттермен бірге бұл мерекенің мәні, тарихы, оны өткізу дәстүрлері туралы айтты.

Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран - бұл халықты біріктіретін, елді бейнелейтін, азаматтардың өз Отанына деген мақтаныш сезімін тудыратын ресми атрибуттар.

Мұндай іс-шаралар студенттердің интеллектуалды-танымдық ой-өрісін кеңейтуге ықпал етеді және патриот пен ел азаматын қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады.



Текст
Виртуальная приемная