«Таза сессия!» акциясы

13.06.2022

Жазғы емтихан сессиясы кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында 2022 жылдың 13 маусымында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Таза сессия» акциясы басталды. Акция барысында «SANALY URPAQ» клубының мүшелері, студенттік парламенттің құқықтық тәртіп фракциясының депутаттары студенттер мен оқытушылар арасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізіп, бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық брошюралар таратылады.

Колледжде сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда, көрсетілген нөмірге хабарласыңыз немесе электрондық пошта мекенжайына жазыңыз:

  • Телефон: 8 (7152) 37 19 24
  • E-mail: skppk@list.ru


Текст
Виртуальная приемная