«Қамқор» акциясы

13.10.2021

2021 жылдың 7 қазанында «Әлеуметтік студенттік несие» жобасы аясында колледждің үшінші курс студенті Галицкий Сергей мен екінші курс студенттері Сейілбекова Бақыт пен Нұрмағамбет Батыр Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілерімен бірге еңбек ардагері Жабина Любовь Павловнаға ауланы және үйді жинауда көмектесті. Апа өте риза болды, қазіргі уақытта жастар аға ұрпаққа өте мейірімді, сезімтал және мұқият қарайтынын атап өтті. Алда әлі жоспарланған көптеген игі істер бар, себебі ерікті - бұл ар -ожданы таза, жан дүниесі бай адам.



Текст
Виртуальная приемная