2020 жылы 20 ақпанда Оқушылар сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгерген жастармен кездесуі өтті. Іс-шара 21 ақпанда ресми түрде атап өтілетін Халықаралық ана тілі күні аясында өтті.
Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет атап өтілуде.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» КММ «Ұрпақ тілі – келешек кілті» керемет патриоттық PR акциясын ұйымдастырды.
«Ұрпақ тілі – келешек кілті» PR акциясына 18 жастан 30 жасқа дейінгі жастар, түрлі ұйымдардың әр түрлі ұлт өкілдері қатысты. Біздің колледжден
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығында оқитын 23 топ студенті Орлов Алексей қатысты.
Кездесуде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» КММ мен Қазақстан халықтарының өңірлік Ассамблеясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оған түрлі этностар өкілдері қатысты.
Болашақта осы құжат аясында облыста тілдерді дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілетін болады.