Дәуірдің жарық жұлдызы

15.09.2021

14 қыркүйек 2021 жыл Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің кітапханасында колледж студенттерінің қатысуымен «Менің өмір кітабым» оқу акциясы аясында өткізілген «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты әдеби конференция өтті. Іс -шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеуге арналды.

Іс -шараның мақсаты: студенттерді қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, педагог, лингвист, өз Отанының нағыз патриоты Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Конференция барысында ақын есімі мәңгілік, оның шығармалары бүгінгі күні өзекті, ағартушының жұмысы мен өмірі қазақ халқының тағдырымен ұштасып жатыр деген тезистер айтылды.



Текст
Виртуальная приемная