«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығы

12.02.2020

2020 жылғы 11 ақпанда Облыстық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауы өтті.

Бөлімдер бойынша келесі жұмыстар ұсынылды: матадан жасалған бұйымдар, қалдық материалдардан жасалған бұйымдар, аймақтағы халықтық көркемдік идеялар, тұрмыстық шығармашылық заттар.

«Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК, «Технология» мамандығында білім алып жүрген 4 курс студенті Сман Жамал «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациясы бойынша 2 орынға ие болды.

Сман Жамалды жеңісімен құттықтай отыра шығармашылық табыс тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная