НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ!

24.03.2023

Көктемде су объектілерінде мұзға шығу қаупі артады. Көктемнің келуімен күн сәулесінің әсерінен мұз тез ериді. Көктемгі су тасқыны кезінде өзендердегі мұз борпылдақ болады, жоғарыдан күн, еріген су ағып жатады. Онымен жүру өте қауіпті: кез-келген уақытта ол аяқтың астында омырылып кетуі мүмкін. Сондықтан есте сақтау керек:

- көктемгі мұзда құлап кету оңай;

- мұздың ыдырау процесі жағалауға жақын жерде тез жүреді;

- қармен жабылған көктемгі мұз тез бос массаға айналады.

Көктемгі су тасқыны және мұздың омырылуы кезінде тыйым салынады:

- көктемгі кезеңде су айдындарына шығу;- мұздың омырылуы кезеңінде өзеннен өту;

- мұз кептелген жерлерде өзенге жақындау,

- қауіпті жартасты жағалауда тұру;

- көпірлерде, бөгеттерде және тоғандарда жиналу;

- мұз кептелісіне жақындау;

- мұзды жағадан итеруге;

- өзеннің немесе кез-келген су қоймасының тереңдігін өлшеуге;

- мұз үстінде жүруге және оларға тұруға.

Көктемгі су тасқыны балалар мен жасөспірімдерге үлкен қауіп төндіреді. Егер сіз су объектісіндегі жазатайым оқиғаның куәгері болсаңыз немесе өзіңіз осындай жағдайға тап болсаңыз, құтқару қызметінің «112» нөмірін шұғыл теру арқылы оқиға туралы хабарлаңыз.



Текст
Виртуальная приемная