WorldSkills Kazakhstan 2022 VII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты

12.12.2022

2022 жылғы 4-11 желтоқсан аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығы мен Астана қаласы колледждерінің алаңында WorldSkills Kazakhstan 2022 VII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионаттың мақсаты-жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. Чемпионатқа Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері «Электромонтаж», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» құзіреттілігі бойынша қатысты. «Электромонтаж» құзыреті бойынша конкурстық тапсырма күштік және жарықтандыру электр жабдықтарының схемасын монтаждаудан және модульдер бойынша қатысушылардың монтаждалған схемасын тексергеннен кейін баптау жұмыстарын орындаудан тұрды: өнеркәсіптік және азаматтық салаларда монтаждау, коммуникация, бағдарламалау; ақауларды іздеу; KNX бағдарламалау. «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша конкурстық тапсырма конкурсқа қатысушыларға модульдер бойынша құзыреттілікте дағдыларды көрсетуге мүмкіндік беретін модульдерден тұрды: автокөлікті кешенді диагностикалау, қозғалтқышты жөндеу және қызмет көрсету, ауыспалы беріліс қорабы. Чемпионат қорытындысы бойынша «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігінде Владимир Витальевич Сафронов жеңімпаз атанып, 1 орынға ие болды (жетекшісі – Серік Алпысбайұлы Құлатаев). «Электромонтаж» құзыретінде Иванов Борислав Игоревич кәсіпқойлығы үшін медальонмен марапатталды (("Medallion of exellence") (жетекшісі – Козяйчев Сергей Михайлович). WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберлік байқауы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда маңызды мәнге ие, оқытылатын техникалық мамандық бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная