Судьбе навстречу

29.03.2021

2021 жылғы 29 наурызда «Қазақстанның оқырман ұрпағы-2021» атты жалпыұлттық акция бойынша, колледж кітапханасында колледж түлегі, ақын және сазгер Денисенко Виктор Николаевичтың қатысуымен «Судьбе навстречу» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Колледждің 1-курс студенттері ақынның шығармашылығымен танысты.

Кездесу Виктор Николаевичтың оқу кезі, спорт, поэзия және музыка жолына қалай түскені туралы қызықты әңгімесінен басталды.

Басқосу жанға жайлы ерекше көңіл-күймен өтіп, жастардың поэзия мен музыкаға қызығушылығын оятты.

Студенттер оқыған В.Н. Денисенконың өмірге, Отанға, табиғатқа, әйел затына, достарына, балаларға деген сүйіспеншілік тақырыбындағы өлеңдері ақын сезімінің шынайылылығын, табиғатқа, адамдарға деген мейірімді қарым-қатынасын аша түсті.

Виктор Николаевичтың өмір және шығармашылық жолы студенттер үшін қайсар мінездің, табандылықтың, спортқа, музыкаға, поэзияға және жалпы өмірге деген махаббаттың айқын үлгісіне айналды.



Текст
Виртуальная приемная