Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыстар

15.04.2021

2021 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және өрт күзетінің құрылған күніне орай арнайы пәндер оқытушылары Асқарбеков Б.Э. және Битанов С.Б. басшылығымен «Өрт қауіпсіздігі» және «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандықтарының колледж студенттері өрт-құтқару спорты бойынша жарыстарға қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты өрт қолданбалы спортын, өрт сөндіруші және құтқарушы мамандықтарын насихаттау және одан әрі дамыту, студенттердің кәсіби шеберлігін арттыру, студенттерді төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлыққа дайындаудың, өзіне және өзара көмек көрсетудің жаңа нысандары мен әдістерін жетілдіру және әзірлеу болып табылады.

Жарыс 4 кезеңнен тұрды: «Шабуыл сатысымен көтерілу», «Жауынгерлік қанат жаю», «Жауынгерлік киім кию», «Зардап шегушіні зембілмен тасымалдау».

Жалпыкомандалық 1 орынды «Төтенше жағдайларда қорғау» 396 тобы, 2 орынды «Өрт қауіпсіздігі» 291 тобының командасы, 3 орынды «Төтенше жағдайларда қорғау» 296 тобының командасы иеленді.



Текст
Виртуальная приемная