Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлері

22.10.2021

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде ағымдағы жылдың 20 қазанында «Рухани жағыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Солтүстік Қазақстан облысының қасиетті жерлері» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Іс –шараға 1 курс студенттері қатысты.

Ойын оқушыларды өлкенің киелі жерлерімен таныстыру, отансүйгіштік сезімін ояту, өз шағын Отанына деген сүйіспеншілік, құрмет, мақтаныш сезімін тәрбиелеуге бағытталды.

Интеллектуалды ойын Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Қазақстанның қасиетті географиясы» мен «Туған жер» арнайы жобаларының маңызы мен өзектілігі туралы әңгімеден басталды.

Интеллектуалды ойын төрт турдан тұрды: біріншісінде оқушылар «Солтүстік Қазақстан облысының киелі географиясы» тақырыбында үй тапсырмасын дайындады (олар өздерінің таңдаған фотосуреттерін, презентацияларын, видеоларын, коллаждарын ұсынды). Екінші турға іс –

шараның тақырыбы бойынша блиц-сауалнама жүргізілді. Ең қызықтысы шараның үшінші кезеңі болды, онда ойынға қатысушылар аймақтың әйгілі киелі жерлерін фотосуреттерден анықтау бойынша жарысқа түсті. Төртінші тур қатысушылардан жылдам, ұшқыр және дәл болуды талап етті, себебі тапсырмаға Солтүстік Қазақстан облысының қасиетті жерлері бейнеленген жұмбақтар дұрыс қосылды.

Интеллектуалды сайыс тікелей қарым-қатынас, адал ойын және өзара сыйластық атмосферасында өтті. Қорытындысы бойынша үздіктер анықталды.

Іс-шара студенттердің патриоттық сезімін, Солтүстік Қазақстан облысының және бүкіл Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларына жауапкершілігін арттыруда үлкен маңызға ие болды.



Текст
Виртуальная приемная