Жасөспірімдер арасында есірткі қолданудың алдын алу

21.09.2021

2021 жылдың 16-17 қыркүйегінде «Жасөспірім» алдын алу шарасы аясында

№3 емхананың Алғашқы психикалық денсаулық орталығының психологы

Л.Б.Лювовицкаяның қатысуымен «Психоактивті заттардың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты - салауатты өмір салтының қажеттілігін, өз денсаулығының құндылығы мен оған жауапкершілікті сезінуді қалыптастыру, сонымен қатар психоактивті заттарды құрал ретінде пайдалануды болдырмайтын белсенді өмірлік ұстанымды дамыту.

Бұл шара нашақорлықтың зияны туралы білімді қалыптастыруға, жасөспірімдерде есірткіге қарсы дүниетанымды тәрбиелеуге бағытталған.



Текст
Виртуальная приемная