Жақсылықты мұқтаж адамдармен бөлісіңіз

22.10.2021

Жақсылықты мұқтаж адамдармен бөлісіңіз

2021 жылы 19 қазанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері, «Қамқор» еріктілер клубының мүшелері, «Әлеуметтік студенттік несие» республикалық жобасына қатысушы студенттік парламенттік қамқорлық фракциясының депутаттары «Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесе отырып, жалғыз тұратын еңбек ардагері Алина Вячеславовна Бардасоваға көмектесті.

Жігіттер ауланың аумағын тазалап, көкөніс бақшасын қазды.

Еріктілер үнемі қолдау көрсетеді: Петропавл қаласында тұратын жалғызбасты зейнеткерлерге, колледж еңбек ардагерлеріне атаулы көмек.

Мұндай іс-шаралардың мақсаты-қоғамда азаматтық позицияны, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік сезімін, ынтымақтастықты, өзара көмек пен мейірімділікті қалыптастыру.



Текст
Виртуальная приемная