«Ғарыш әлемі» облыстық қашықтық байқауы

13.04.2021

1961 жылы 12 сәуірде, 60 жыл бұрын, адамның ғарышқа алғашқы ұшуы болды. «Восток 1» спутниктік кемесінде 108 минутта кеңес ұшқышы Юрий Гагарин жерді айналып өтіп, планетаның алғашқы ғарышкері атанды.

Бұл ұшу бүкіл адамзат үшін ерекше оқиға болды. Жердің барлық радиостанциялары сенсациялық жаңалықты – ғарыштағы адамды хабарлау үшін өз бағдарламаларын үзді! Әлем Гагариннің «Кеттік!» - дегенін естіді, басқарылатын ғарыштық ұшулар дәуірі басталды.

Осындай атаулы күн қарсаңында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Ғарыш әлемі» облыстық қашықтық байқауы өтті.

Іс-шара студенттердің ғарышкерліктің ашылу және даму тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға, Қазақстан Республикасының заманауи ғарышкерлік жетістіктеріне назар аударуға бағытталған.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: сабақты әзірлеу, бейне дәріс, сыныптан тыс іс-шараны әдістемелік әзірлеу, «Ғарышкерліктің даму тарихы» тақырыбына презентация, «Ғарыш әлемі» тақырыбына эссе.

Байқауға Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі, Тайынша агробизнес колледжі, Петропавл қ. машина жасау колледжі, Аққайың ауданының аграрлық колледжі, Искандер Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері мен педагогтары қатысты.

Үздік жұмыстар бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная