Өзіміз және болашақ ұрпақ үшін біздің әлемді сақтаймыз! Осындай ұранмен 2020 жылғы 26 қарашада Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық
колледжінде «Экологиялық қоңырау не туралы сыңғырлайды?» тақырыбында экологиялық тренинг өтті. Оның мақсаты: Студенттердің бойында қоршаған ортаны қорғау және айналамыздағы экологиялық проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.
Іс-шара колледждегі «Атамекен» экоклубымен ұйымдастырылды. Тренинг қатысушылары, бірінші курс студенттері су объектілерінің, атмосферасының, топырақтың және тірі организмдердің биологиялық әртүрлілігінің азаюы туралы талқыланып жатқан сауалдардың күрделі екендігін толық түсініп, баяндамаларымен өз ойларын отаға салды.
Іс-шараға қатысушылар «Табиғатпен үйлесімде» атты бейнероликті көріп, бей-жай қарамады, сонымен қатар экоклуб жетекшісі Гламаздина Т.П. колледж студенттеріне планетамыздың табиғатына ұқыптылықпен қарау туралы үндеу тастады.
Бұл іс-шара студенттердің экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыруда маңызды болып, ең бастысы туған өлкенің табиғатын сақтау жауапкершілігін түсіну болды.