Қазақстан Тәуелсіздігіне арналады

09.12.2022

2022 жылғы 8-9 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ерлер командалары арасында волейболдан ашық облыстық турнир өтті. Ұлттық ұлан Академиясының, "Жеңіс" олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, Петропавл машина жасау және көлік колледжінің, Жоғары медициналық колледждің, СҚУ колледжінің, Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің құрама командалары және турнирдің иелері - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі қатысты. Жарыстың топтық кезеңінде жартылай финалға 4 команда шықты. Турнир чемпионы атағы үшін "Жеңіс" БЖСМ мен СҚКПК командалары кездесті, қыңыр күресте СҚКПК құрамасы жеңіске жетті. Үшінші және төртінші орынды Ұлттық ұлан Академиясы мен Жоғары медициналық колледж бөлісті. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және спортта одан әрі табыс тілейміз.



Текст
Виртуальная приемная