Ерлік пен кәсібилік - біздің кәсібіміздің ұраны

01.03.2021

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттерімен «Ерлік сабақтары» өткізілді.

Мақсаты: жас ұрпақтың өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру мәселесіне қоғам назарын аудару, сонымен қатар өрт сөндіруші және құтқарушы мамандықтарының беделін арттыру.

Студенттер арасында азаматтық противогаз киюге арналған жарыстар өткізілді. «Барлығына назар аудару» бірыңғай сигналы бойынша іс-шаралар әзірленді. «Ерлік пен кәсібилік - біздің кәсібіміздің ұраны» ұранымен флешмоб ұйымдастырылды.



Текст
Виртуальная приемная