Ұлы дала елі

08.12.2022

2022 жылы 7 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ұлы Дала Елі» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты өз еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімдерін нығайту, көркем әдебиетті оқуға қызығушылықтарын арттыру. «Ұлы Дала Елі» мәнерлеп оқу байқауына колледждің түлегі, ақын, композитор Денисенко Виктор Николаевич, Облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Ережепова Гүлия Қайроллақызы, колледждің оқытушылары мен студенттер шақырылды. Байқауға қатысушылар Отан, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендердің жүректеріне жеткізе білді. Әділ-қазылар алқасы байқаудың жеңімпаздарын анықтап, грамоталармен марапаттады.



Текст
Виртуальная приемная