«Менің Қазақстаным, сені жырлағым келеді!» патриоттық әндер байқауы

09.12.2022

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2022 жылғы 8 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде "Менің Қазақстаным, сені жырлағым келеді!» патриоттық әндер байқауы өтті.Қазылар алқасының құрамына көркемдік жетекшілер, педагог-ұйымдастырушы және студенттер Парламентінің Мәдениет және өнер фракциясының мүшелері кірді. Байқауға 1-4 курс студенттері қатысты. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін негізгі 4 критерий бойынша бағалады: шығарманың тақырыбын ашудың толықтығы мен мәнерлілігі, орындаушылық деңгейі, дикциясы, сыртқы түрі. Іс-шара бағдарламасында Отан, елорда, Туған жер туралы әндер шырқалды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

I орын-266 топ "Мен – қазақпын, Мен Қазақстанда тұрамын"әнімен
II орын -"Менің Қазақстаным" әнімен ПБ-22 тобы

III орын - "Алға Қазақстан" әнімен 491 топ

"Ең жарқын өнер көрсету" номинациясы - "Менің Қазақстаным" әнімен 361 топ (Сәлеметсіз бе, Астана)

"Ең көңілге жақын өнер көрсету" номинациясы-"Мен – қазақпын, Мен Қазақстанда тұрамын" әнімен ФКП-22 тобы

Барлық студенттерге белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!



Текст
Виртуальная приемная