«Энергетикалық серпіліс» идеялар байқауы

05.04.2021

2021 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік – педагогикалық колледжінде «Энергетикалық серпіліс» идеялар байқауы өтті.

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің, Петропавл қаласының машина жасау колледжінің және Солтүстік Қазақстан кәсіптік–педагогикалық колледжінің командалары нақты ғылыми – техникалық және инновациялық міндеттерді шешу бойынша тапсырмаларды орындады және дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік–педагогикалық колледжінің командасы 1 орынға ие болды!



Текст
Виртуальная приемная